Түркістан облысында 40-тан астам мұғалімнің жалақысын жымқырған алаяқ ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында 40-тан астам мұғалімнің жалақысын жымқырған алаяқ ұсталды

08.02.2022

Түркістан облысында 40-тан астам мұғалімді жалақысыз қалдырған күдікті ұсталды. Сезікті Шардара қаласындағы бірнеше мектептің қазынасына қол салып, мұғалімдердің еңбекақысына бөлінген 17 млн теңгені қолды қылған. Сөйтіп, ақшаны бөтен есепшотқа аударып алған. Полицияның дерегінше, күдікті бұрын қаржы саласында жұмыс істеген. Өткен қыркүйекте жұмыссыз қалған ол «оңай жолмен» ақша таппақ болған. Айғақты зат ретінде күдіктіден 1,5 миллион теңге тәркіленді. Полицейлер оның басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.

Бақдәулет Рысқұл, Шардара аудандық Полиция бөлімінің тергеушісі:

Күдікті адам Алматы қаласында жүрген жерінен Шардара аудандық полиция бөлімінің жедел уәкілдерімен ұсталып, Шардара аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда тергеу амалдары ҚР ҚК 190 бабы 4 бөлігі 2-ші тармағымен Шардара аудандық полиция бөлімінің өндірісінде тергелуде.


Хабарламаларға жазылу