«Дені сау ұлт» ұлттық жобасы арқылы дәрі-дәрмек өндірісі артады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Дені сау ұлт» ұлттық жобасы арқылы дәрі-дәрмек өндірісі артады

20.10.2021

«Дені сау ұлт» ұлттық жобасы арқылы отандық фармацевтиканың үлесі 50%-ға жетеді. Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ажар Ғиният жобадағы 4 бағыттың бірі дәрі-дәрмек өндірісін дамытуға арналғанын айтты. Сонымен бірге осы саладағы инвесторлармен байланыс орнатуға басымдық беріледі. Айта кетейік, Қазақстанда препараттар мен медициналық жабдықтардың 17%-ы ғана отандық өнім. Ұлттық жобада қамтылған міндеттерді 2025 жылға дейін жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Ажар Ғиният, ҚР Денсаулық сақтау министрінің орынбасары: 
Әрі қарай денсаулық сақтау саласының қалай дамуы керек екені осы ұлттық жобада жоспарланған. Дәрі-дәрмектер отандық фармациялық компанияларда өндірілсе, ұлттың қаусіздігін арттырар еді.

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу