Қарағандыда жол апатынан бір жастағы сәби көз жұмды
Қарағандыда жол апатынан 1 жастағы сәби көз жұмды. Ата анасы ауыр дене жарақатымен аруханада жатыр.
Руслан Нұрланұлы, тілші:
Кеше сағат 22:00 шамасында қаладағы Республика даңғылы мен Дүйсембеков көшесінің қиылысында жеңіл көліктер соқтығысып, бір жастағы бала көз жұмды. «Mercedes» автокөлігінің жүргізушісі полиция қызметкері жұмысынан үйіне қайтып бара жатып, бағдаршамның сары түсіне өтіп кеткен. Салдарынан 29 жастағы азаматтың басқаруындағы «ВАЗ-2114» автокөлігімен соғысып, өкінішке қарай ондағы 1 жастағы сәби қайтыс болды.
Бақытжан Құдияров, Полиция департаментінің баспасөз хатшысы:
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабы 3-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. 37 жастағы «Mercedes» автокөлігінің жүргізушісі қамауға алынды. Тиісті сараптамалар тағайындалды, тергеу амалдары жүргізілуде. Қарағанды облыстық Полиция департаменті қаза болған сәбидің жақындары мен туысқандарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан сәбидің ата-анасы ауыр жарақаттармен ауруханаға түскен болатын. Дәрігерлер олардың жағдайын айтып берді. Әкесінің миы шайқалған, жағдайы бірқалыпты. Ал анасының бас сүйегі, жамбасы, бірнеше қабырғасы сынып, өкпесіне зақым келген. Қазір жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлердің тәулік бойғы бақылауында.
Руслан Нұрланұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауы саяси партиялардың рөлін күшейтеді
18.08.2026, 20:28
Димаш әлемдік турының концепциясын таныстырды
18.08.2026, 20:17
Жетісу облысында 1 тоннадан астам қалдық шығарылды
18.08.2026, 20:15
Заңгер: Білім мен ғылымға қаржыландыруды арттыру маңызды
18.08.2026, 20:13
Абай облысында ауылға қоныс аударғандар саны артты
18.08.2026, 20:12
Құрылтай-2026: Үгіт-насихат науқаны қыза түсті
18.08.2026, 20:10
Қостанай облысындағы аудан орталығында жаңа шағынаудан салынып жатыр
18.08.2026, 20:10
Үй маңындағы автотұрақты тегін пайдалануға болады
18.08.2026, 20:07