Басты Жаңалықтар Өскеменде тұрғын үйден өрт шығып, 7 адам эвакуацияланды

Өскеменде тұрғын үйден өрт шығып, 7 адам эвакуацияланды

Өскемендегі көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде өрт шығып, 7 адам эвакуацияланды. Пәтер терезесінен шыққан түтінді сол маңайдағылар көріп, бірден 101-ге хабарласқан. Оқиға орнына дереу жеткен мамандар зардап шеккен азаматқа жедел медициналық көмек көрсетіп, аман алып қалды. Өрт сөндірушілер қызыл жалынды дер кезінде ауыздықтап үлгерді. Қазір өрттің неден шыққаны анықталып жатыр.


Бөлісу