Талдықорғанда құтқарушылар ант қабылдады
Құтқарушылар күніне орай Талдықорғанда жас мамандар ант қабылдады. Олардың ішінде өрт сөндіруші де, диспетчер де, құтқарушы да бар. Жалпы өңірдің азаматтық қорғаныс саласында 1200-ге жуық адам еңбек етеді. Салтанатты жиынға келген ардагерлер мен құрылым басшылары ескерткіш тақтаға гүл шоқтарын қойып, қызмет бабында жүріп қаза тапқан боздақтардың рухына тағзым етті.
Сондай-ақ облыс орталығындағы көпқабатты үйлердің біріне құтқарушының муралы салынды. Бес қабатты ғимарат қабырғасында кішкентай қыз баланы өрттен алып шыққан өрт сөндіруші бейнеленген.
Сымбат Қаппарова, диспетчер:
Бұл - өзімнің бала кездегі арманым. Ағаларым, туыстарым, жақындарымның барлығы осы салада жұмыс істейді. Мотивация сол жақтан келіп жатыр. Әке-шешем барлығы қолдап, бір жыл бойы еңбек еттім, тырыстым. Қиын жағдай болмасын! Болған жағдайда бірінші болып қолдан келгенше көмектесуге дайынбыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15