Еуропа одағы Беларусь компанияларына санкция жарияламақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропа одағы Беларусь компанияларына санкция жарияламақ

19.10.2021

Еуро одақ Беларусьтің әуе компаниялары мен туроператорларына санкция жариялауға ниетті. Бұл мәселені Германия, Литва, Латвия және өзге елдердің сыртқы істер министрлері Люксембургте өткен кездесуде талқылады. Айтуларынша «Белавиа» компаниясы мен тур фирмалар Еуро одақ аумағына Таяу Шығыстан мыңдаған заңсыз мигрантты жеткізіп жатыр.

Германияның бас дипломаты Хайко Маас Александр Лукашенконы «контрабандашыларды қолдайды» деп айыптады. Және де Беларусьтің әуе кәсіпорындары заңсыз мигрант тасып, табысқа кенелгеніне қол қусырып қара отыра алмайтынын ескертті. 


Хабарламаларға жазылу