Ryanair компаниясының ұшағы Минскіге шұғыл қонып, журналист тұтқындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ryanair компаниясының ұшағы Минскіге шұғыл қонып, журналист тұтқындалды

24.05.2021

Ryanair компаниясының Грекия астанасы Афиныдан Вильнюске аттанған ұшағы «миналанды» деген суыт хабардан кейін дереу Минскке қондырылды. Бірақ лайнерге төнген қауіп расталмай, Беларусь қауіпсіздік күштері осы рейстен Nexta телеграм-каналының бұрынғы бас редакторы Роман Протасевичті тұтқындады. Ол бір кездері президент Александр Лукашенкоға қарсы шерулерлер туралы материалдар жазған.  

Совет заманында жасалған МИГ-29 ұшағының көмегімен мәжбүрлі түрде бағытын Беларусь астанасына өзгерткен рейс Литваға өткен тәулікте жетті. Бұл оқиғаны АҚШ, Еуропа одағы, НАТО айыптап, оған қатысты халықаралық тергеу жүргізуді талап етіп отыр. Және де бүгін Брюссельде осы инцидент үшін Беларусь башылығына санкция жариялау мәселесін талқылау жоспарланып отыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу