Қарағанды облысы Балқантау ауылының азаматтары ескі интернат ғимаратын қайта қалыпқа келтіріп беруін сұрайды. Ауылда спорт кешені жұмыс істеп тұр. Нысан облыстық бюджет есебінен қаржыландырылады. Егер ғимаратты жөндесе, спорт интернатының жұмысын бір ізге қоюға болады,дейді тұрғындар. Балқантау ауылына қарасты 22 шаруа қожалығы және іргеде бірнеше ұсақ ауылдар бар. Олардың балалары жергілікті мектепте білім алуы үшін жатын орын қажет. Оның үстіне өлкенің табиғаты спортшыларды да көптеп қызықтырады. Соңғы 2 жылда мұнда жазғы лагерьге ережесіз жекпе-жек клубының мүшелері келіп жүр. Интернат іске қосылса, тұрғындарға жұмыс орны да ашылады.
Берік Көшенов, Спорт кешенінің жаттықтырушысы:
Сол бұзылғамаған ғимаратты қайта қалпына келтіріп, спорттық бағыттағы интернатымыз болса, келешекте біз Қарағанды спорт-интернатына балаларды дайындап бере аламыз. Ауылымыздың балалары келіп дайындала алады. Және де көрші ауылдың балалары осы жерде дайын спортпен айналысам десе, талантты балалрды анықтап, Қарағандыға дайындап беруге дайынбыз.
Темірхан Абылаев, Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы:
Қосымша ол жерде жатақхана ашу экономикалық жағынан алып қарағанда тиімсіз. Өйткені бала саны аз. Бапкерлердің көтеріп отырған мәселелері орынды әрине. Бәрімізде бапкер болдық. Одан да сол бапкерлерімізге, кешен жұмысына көбірек ақша бөліп, спортшыларды шығаруымыз керек негізгі мақсат.
Руслан Нұрланұлы