Ұлттық санақтан халықтың 40 пайызы онлайн өтті
Ұлттық санақтан халықтың 40 пайызы онлайн өтті. Бұл 7 млн 530 мыңдай адам. Ал, 3 млн 800 мыңға жуық тұрғыннан сауалнама алынды. Осылайша санақтан өткендер үлесі 60 пайызға жетті,-деді Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов. Ескеретін жәйт, әлі тіркелмегендер қазанның аяғына дейін үйлерді аралайтын интервьюерлердің көмегіне жүгіне алады. Қызметкерлер халық санағының логотипі бедерленген көк түсті шарф және сөмкемен жүреді. Планшеті мен растайтын куәлігі болуы тиіс. Кез келген ақпарат бойынша 1446 нөміріне хабарласуға мүмкіндік бар. Байланыс орталығы тәулік бойы жұмыс істейді.
Нұрболат Айдапкелов, Ұлттық статистика бюросының басшысы:Онлайн санақтан өтпегендер қазанның 30-ына дейін үйлерді аралап жүрген интервьюерлердің көмегімен шараға қатыса алады. Халық санағы еліміз үшін аса маңызды шара. Оған бір кісідей жұмылып ат салысуымыз қажет.
Нысаналы Ығыл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Құрылыс саласына инвестиция құю халықтың тұрмыс сапасының жақсаруына ықпал етеді»
25.08.2026, 23:21
Елімізде Мұғалжар жылқысы көбейіп келеді
25.08.2026, 20:32
Жаңа жүйе оқушылар арасындағы келеңсіздікті анықтайды
25.08.2026, 20:18
1 қыркүйекте паспорт рәсімдеу тәртібі өзгереді
25.08.2026, 20:17
Шымкентте жаңа өндірістің арқасында 13 мың жұмыс орны ашылады
25.08.2026, 20:16
Әлем жаңалықтарына шолу
25.08.2026, 20:15
Ресейде жанармай дағдарысының екінші толқыны басталды
25.08.2026, 20:14
Бүгіннен бастап электрлі самокат жүргізушілерге талап күшейді
25.08.2026, 20:12