Арал ауданында суы тартылып қалған каналда балық қырылып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Арал ауданында суы тартылып қалған каналда балық қырылып жатыр

21.02.2022

Қызылорда облысы Арал ауданында Қарашалаң көліне құятын каналдың суы тартылып, балық шабақтары қырылып жатыр. Мамандар өлекселерден сынама алып, зертханалық тексеру жүргізуде.

Сырдариядан тарайтын каналдың жалпы ұзындығы 1 шақырымнан асады. Өзен деңгейі тым төмен түсіп кеткелі оған мүлдем су құйылмаған. Тартылған каналдың әр жерінде ойық пайда болып, қыста қалың мұз жапқан. Осы үзілген аралықта торта, табан, ақбалық шабақтары қырылып қалған. Әзірге, зертханаға алынған сынама қорытындысы шыққан жоқ. Бірақ, мамандар себеп-салдарын болжаммен топшылап отыр.

Әділбек Серікұлы


Хабарламаларға жазылу