Ақмола облысында суға кеткен трактор жүргізушісі іздестірілуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында суға кеткен трактор жүргізушісі іздестірілуде

07.04.2023

Ақмола облысындағы Қараөзек ауылында тракторшыны іздеу жұмыстары жүріп жатыр. Ол түнде техникасымен қар суы жиналған шұңқырға түсіп кеткен. Оқыс оқиғаның мән-жайын әріптесім Ұмсындық Наурызбаева анықтады. Ұмсындық, осы уақытқа тракторшыға байланысты қандай мәлімет бар?

Ұмсындық Наурызбаева, тілші:

Дархан, тракторшыны іздеу шаралары әлі жалғасып жатыр. Бұл жұмысқа 10 адам мен 4 техника жұмылдырылған. Әзірге белгілісі, жоғалып кеткен ер адам 36 жаста болған. Ол түнгі 4 шамасында жолдан өтіп бара жатып, техникасымен бірге қар суы жиналған жарға түсіп кеткен. Қазір сол жерге жиналған мол қар судың ортасында трактордың төбесі ғана көрініп тұр. Ал жүргізуші, алдын ала болжам бойынша, суға ағып кетті. Жалпы Бұланды ауданына қарасты Қараөзек ауылының көшелеріне де қарғын су жайылған. Су бір үйдің ауласына да кірген. Қазіргі жағдай осындай. Толығырақ алдағы эфирлерде айтамын.

Ұмсындық Наурызбаева


Хабарламаларға жазылу