Алматыда құрылыс материалдарының қоймасы өртенді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда құрылыс материалдарының қоймасы өртенді

29.07.2014
Алматыда құрылыс материалдарының қоймасы өртенді

Алматыда өрт шықты. Бұл жолы пластикалық құрылыс материалдарын өндіретін  «Galaksi group» ЖШС қоймасы жанып кетті. Тілсіз жаудың тұтанғаны туралы ақпаратты қабылдаған қалалық төтенше жағдайлар қызметкерлері оқиға орнына түскі сағат 15.26-да жетті.

Шұғыл іске кіріскен арнайы мамандар мен 19 техника  150 шаршы метрді шарпыған өртті сөндіріп үлгерді. Жұмысшылар көк түтіннен сыртқа шығарылды.

Гүлшат Дәуренбекова, Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметінің жетекшісі:

Айта кететіні, су аздығының қиындығы болды.  Дегенмен, біздің Қарасудағы 30 тонналық суы бар арнайы машина мен «Алматы тазалықтың»  біріккенінің арқасында  және үздіксіз су берілуімен 16 сағат 40 минутта өрт ауыздықталды.  Өрттің неден шыққанын арнайы төтенше жағдайдың  анықтау бөлімі анықтайды.

Айгүл ЕРМАХАН

Хабарламаларға жазылу