Алматыда шаруашылық құрылыс нысаны өртенді
Алматыда "Жастар" тұрғын үй кешені маңындағы құрылыс нысанынан өрт шықты. Отқа оранған ғимараттан 4 газ баллоны шығарылды. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, түскі сағат 15:00 шамасында Алмалы ауданындағы Қожамқұлов көшесіндегі нысанда өрт шыққаны туралы ақпарат түскен. Қызыл жалынның жеке тұрғын үйлерге таралу қаупі болған. 25 литрлік баллондарды өрт сөндірушілер қауіпсіз аумаққа шығарып үлгерді. Полиция қызметкерлері тұрғындардың қауіпсіздігі үшін көшені қоршауға алды. Қызыл жалын 100 шаршы метрдей аумақты шарпыған. Өрт 1 сағатқа жуық уақытта толық сөндірілді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауы саяси партиялардың рөлін күшейтеді
18.08.2026, 20:28
Димаш әлемдік турының концепциясын таныстырды
18.08.2026, 20:17
Жетісу облысында 1 тоннадан астам қалдық шығарылды
18.08.2026, 20:15
Заңгер: Білім мен ғылымға қаржыландыруды арттыру маңызды
18.08.2026, 20:13
Абай облысында ауылға қоныс аударғандар саны артты
18.08.2026, 20:12
Құрылтай-2026: Үгіт-насихат науқаны қыза түсті
18.08.2026, 20:10
Қостанай облысындағы аудан орталығында жаңа шағынаудан салынып жатыр
18.08.2026, 20:10
Үй маңындағы автотұрақты тегін пайдалануға болады
18.08.2026, 20:07