Қарағандыда өткен театр фестивалінің жеңімпаздары анықталды
Қарағандыда өткен Әшірбек Сығай атындағы алғашқы республикалық театрлар фестивалінің жеңімпаздары анықталды. Бас жүлде екі бірдей өнер ұжымына бұйырды.
Алматыдағы Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры Әшірбек Сығай атындағы сыйлықты, ал Қарағандыдағы Сәкен Сейфуллин атындағы облыстық Қазақ драма театры Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған бас жүлдені жеңіп алды. Бұдан бөлек талантымен тәнті еткен өнерпаздар «Үздік режиссура», «Үздік актер», «Үздік сценография» секілді 9 аталым бойынша марапатталды. Еліміздің барлық өңірінен жиналған 15 театр 6 күн бойы арқа жұртына өнер көрсетті.
Мирас Әбіл, Театр сыншысы, қазылар алқасының мүшесі:
Қазір неше түрлі жанрлар шықты ғой. Жаңа драма перфоманс, вербатим. Осы жаңа жанрларды қалыптастырудың өкілдері, еліміздің жас режиссерлері көп қатысты, әртүрлі жанрларда спектакльдер болды. Фестиваль жоғары деңгейде өтті. Сын да айтылды. Фестиваль деген кез келген театрға көңілі қалмасын деп, тоқпан жілік таратып беру емес.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15