Алматыда күйші-композитор Нұрғиса Тілендиевтің есімі ұлықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда күйші-композитор Нұрғиса Тілендиевтің есімі ұлықталды

15.10.2021

Алматыда күйші-композитор Нұрғиса Тілендиевтің есімі ұлықталды. КСРО Халық әртісі, Халық қаһарманының құрметіне Жамбыл атындағы филармонияның камералды залына оның есімі беріліп, мемориалды тақта қойылды.

Мемориалды тақтаны мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы Ақан Әбдуалиев, Нұрғиса Тілендиевтің жары Дариға Тілендиева мен қызы Дінзухра Тілендиева ашты. Жиынға қайраткердің өнердегі ізбасарлары мен өзі іргетасын қалаған «Отырар сазы» оркестрінің ұжымы қатысты. Сондай-ақ, жиналғандар камералды залға қойылған Нұрғиса Тілендиевтің жеке заттары, киімі, сирек кездесетін фотоларымен домбырасы қойылған көрмені тамашалады. Шара композитордың қайтыс болған күніне орай ұйымдастырылды.
Ернат Ысқақ, Н.Тілендиев атындағы мемориалдық музейінің жетекшісі: 
Репетициясы болсын, басқа да жиындары болсын «Отырар сазының» барлық өмірі осында өткен. Нұрғиса Атабайұлының осы жерде кабинеті болған. Былай айтқанда бұл залдың аталуы бекер емес. Бұл зал Нұрғиса Атабайұлынығң өмірімен тікелей байланысты. 

Хабарламаларға жазылу