Ақтөбеде оқушылар уланып қала жаздады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде оқушылар уланып қала жаздады

15.10.2021

Ақтөбедегі 9-мектептің оқушылары уланып қала жаздады. Зиянкестерге қарсы улау жұмыстарын жүргізген кезде мектептегі төрт сыныпта сабақ жүріп жатқан. Түтін жоғарғы қабаттарға көтеріліп, балалар қатты қорқып қалған. Ал талапқа сай дезинфекция кезінде ғимаратта эпидемиолог мамандардан өзге ешкім болмауы тиіс. Бұл жайтқа қатысты мектеп басшысына шара қолданылды.
Метгүл Қосымбаева, қалалық білім бөлімінің басшысы:
Мектеп басшылығына оқу процесі кезінде осындай дезинфекциялық жұмыстар жүргізгені үшін қатаң сөгіс жарияланды. Бірақ, осы күнге ата-аналар немесе балалардың тарапынан көмекке мұқтаж болған, бізге әлі ондай ақпарат келген жоқ.
 Жақсыбек  Кемал

Хабарламаларға жазылу