Биткоин бағасы 60 мың долларға жақындап қалды
Әлем нарығында биткоин бағасы 60 мың долларға жақындап қалды. Бұл - жарты жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш. Криптовалюта құнының мұнша шарықтауына АҚШ-та электрондық ақшамен қор биржаларында сауда жасауға рұқсат береді деген үміт себепші. Соңғы мәліметке қарағанда, бүгін биткоин 4 долларға жуық өсіп, 59664 долларға сатылды. Ал, "Блумберг" агенттігінің хабарлауынша, Құрама Штаттардың құнды қағаздар комиссиясы биржаларда биткоинға негізделген фючерстерді қолдануға келесі аптада жол ашуы мүмкін. Айта кетсек, Қытай криптоақшаға тыйым салғандықтан, биткоин өндіруден Қазақстан Ресейді ығыстырып, АҚШ-тан кейінгі екінші орынға шықты. Бұл туралы дерек Кембридждің электр энергиясын тұтыну жөніндегі индексінде көрсетіліп отыр.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыАлматыда 294 мыңдай оқушыға демалыс ұйымдастырылады
09.07.2026, 17:33
Түркістан облысында мердігерлер өз ақшаларына қайта жол төседі
09.07.2026, 17:30
Сәрсемалиевті өмір бойы бас бостандығынан айыру сұралды
09.07.2026, 17:27
Агрессор адамдарға психологиялық түзету бағдарламалары енгізіле бастады
09.07.2026, 17:25
Халық Конституциясы – зайырлы қоғамның басты бағдары
09.07.2026, 17:22
Мемлекеттік билікті басқарудың жаңа қағидасы күшіне енді
09.07.2026, 17:20