ДДСҰ: Коронавирус пандемиясымен күреске $20 млрд қажет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ДДСҰ: Коронавирус пандемиясымен күреске $20 млрд қажет

15.10.2021

"Рейтердің" мәліметінше, Италияда соңғы тәулікте 2700-ге жуық адам коронавирусқа шалдыққан. Былтырғы ақпаннан бері мұнда қауіпті инфекция 4 млн 700 мың адамнан анықталып, онымен байланысты 131 мың 200-ге жуық өлім-жітім тіркелді. Бұл көрсеткіш бойынша Италия әлемде 9-шы орында тұр. Жалпы, жаһанда ковид жұқтыру оқиғалары соңғы апталарда көптеп тіркеліп отыр.

Әлем халқын коронавирусқа қатысты тексеріп, вакциналау үшін 20-25 млрд доллар көлемінде инвестиция қажет. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Аданом Гебрейесус "Жиырмалық тобы" қаржы министрлері мен орталық банк басқарушыларымен кездесуде осылай деді. Аталған қаражат сонымен бірге биылдың соңы мен келер жылдың ортасына дейін әлем елдері халқының 70 пайызын иммундау үшін қажет. 


Хабарламаларға жазылу