ЕО елдері энергетикалық дағдарысты еңсеруге 500 млрд еуро бөлді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ЕО елдері энергетикалық дағдарысты еңсеруге 500 млрд еуро бөлді

23.09.2022

Еуропа одағына кіретін мемлекеттер Украинадағы ахуалдан кейін туындаған энергетикалық дағдарыспен күреске қомақты қаржы бөлген. Оның мөлшері – 500 млрд еуро. Бұл сома тұрғындарға түскен салмақты жеңілдету үшін де қажет. Соңғы айларда Еуропада энергия күрт қымбаттап кетті. Осыған орай Еуропа елдерінің Үкіметі энергия салығын төмендету тәрізді бірнеше шара қабылдаған. Дегенмен сарапшылардың пікірінше, бұл шаралардың әсері тек уақытша болып, кейін ірі құрылымдық проблемаларға әкелуі мүмкін.

Хабарламаларға жазылу