Елімізде жемқорлармен күрес күшеймек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде жемқорлармен күрес күшеймек

15.10.2021

Табысынан шығыны көп шенеуніктер қаржылық тексеруге алынбақ. Жемқорлыққа қарсы қызмет қазір осындай арнайы концепция әзірлеп жатыр. Құжат мақұлданып жатса, тапқан табысынан шығыны көп мемлекеттік қызметкерлер түгел тексерілмек. Өйткені бұл парақорлықтың белгісі болуы мүмкін. Сондай-ақ агенттік төрағасы адамдардың жаппай биткоин сатып алуына да алаңдаушылық білдіріп отыр. Марат Ахметжановтың айтуынша қулығына құрық бойламайтын жемқорлар активін жасырудың небір жолын тауып жатыр. Тіпті биткоиннан өзге криптвалюталарды сатып алуда. Сол үшін бұл бағытта тексеріс жүргізуді бастадық дейді. Әрі Ауыл шаруашылығы министрлігіне де ауқымды аудит жүргізуді жоспарлап отыр. Өйткені ет өндірісін дамытуға деп соңғы 5 жылда 2 триллион теңге бөлінген. Бірақ қыруар қаржының экономикалық тиімділігі болмаған. Елімізде керісінше ет импорты 62 пайызға артып отыр.


Хабарламаларға жазылу