Депутаттар самокаттарды заң бойынша көлік қатарына қосуды ұсынды
Электросамокаттар көлік құралы ретінде тіркелмейді, әрі техниканың қандай санатына жататыны әлі бекітілмеген. Осылай деген Сенатор Нұртөре Жүсіп аталған қозғалыс құралына қатысты заң қабылдап, саланы реттеуді ұсынды. Депутаттың айтуынша, электросамокаттар, самокаттар мен гироскутерлер тек олардың иелерінің ғана емес, жаяу жүргіншілердің де өмірі мен денсаулығына елеулі қауіп төндіреді. Сегіз айда самокаттардың қатысуымен 387 жол апаты тіркелген. Одан 25 адам қаза тауып, 411 азамат жарақат алған.
Нұртөре Жүсіп, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:Өркениетті елдерде жолы бар. Басына шлеф киюі керек. Жаңағы бұрылатын дабылдатқыш, қараңғыда көрінетін құрылғылары да болуы керек.
Ғабит Бөкенбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы«Бәйтерек» холдингі 2027 жылы экономиканы қолдауға 8 трлн теңге бағыттайды
27.11.2026, 20:06
Қазақстанның төрағалығы кезінде Арал қорына $170 млнға жуық қаржы тартылды
27.11.2026, 20:05
Халық пікірі: «Халықтық құрылыс» – өңір дамуының өзегі
27.11.2026, 20:04
Астанада боран соғып, тұман түседі
27.11.2026, 20:04
Энергетикалық сусындардың сатылымы екі жылда 65%-ға өсті
27.11.2026, 20:03
Қасым-Жомарт Тоқаев Мысыр президентіне көңіл айтты
27.11.2026, 20:03