Биыл 5,1 мың шақырым күре жол пайдалануға берілмек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл 5,1 мың шақырым күре жол пайдалануға берілмек

14.10.2021

Премьер-Министр Асқар Мамин Шығыс Қазақстан, Алматы және Қарағанды облыстарына жұмыс сапарымен барды. Үкімет басшысы көлік инфрақұрылымы жобалары мен Үшарал қаласындағы әуежайдың ұшу-қону жолағын реконструкциялау барысымен танысты. Қазір «Өскемен-Талдықорған», «Қалбатау-Майқапшағай», «Үшарал-Достық», «Қарағанды-Балқаш-Қапшағай», «Меркі-Бурылбайтал» автожолдары салынып жатыр. Ал, Қарағанды облысында Премьер-Министр жалпы ұзындығы 946 шақырым болатын «Қарағанды-Балқаш-Бурылбайтал-Күрті-Қапшағай» автомобиль жолын реконструкциялау барысын тексерді. Биыл төрт жолақты жол бойынша 765 шақырым жол пайдаға беріледі. Ал, «Меркі-Бурылбайтал» автожолы да жыл соңына дейін толық ашылмақ. Жалпы биыл, елімізде республикалық маңыздағы 5 мың шақырым жол ел игілігіне беріледі.


Хабарламаларға жазылу