Петропавл іргесіндегі Бескөл ауылындағы көпқабатты үйлер жылусыз қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавл іргесіндегі Бескөл ауылындағы көпқабатты үйлер жылусыз қалды

13.10.2021

Қазір тұрғындар пеш жағуға мәжбүр. Әр пәтер иесі биыл орталық жылыту жүйесіне қосылу үшін коммуналдық қызмет көрсететін компанияға өз қалталарынан 180 мың теңгеден ақы төлеген. Алайда, жылуға қарық болған ешкім жоқ.

Раиса Байматова, Бескөл ауылының тұрғыны:

Келісім шарт жасалды. 1 қазаннан жылуға ақы есептеліп жатыр. Не үшін төлейтінімізді білмейміз. Пәтер суық. Екі шығын болайын деп тұр. Өзім үш баланы жалғыз тәрбиелеп отырмын. Жылу батареялары суық. Пешті бұзбағаным дұрыс болды. Қазір қаппен отын сатып алып отырмыз.

Ал пештерін алып тастаған тұрғындар электр құрылғыларын қосуға мәжбүр. Елді мекенде қазір көпқабатты 80 үй бар. 2016 жылу қазандығы салынып, нысандар біртіндеп орталық жүйеге қосыла бастаған. Биылғы жоспарға сай 30 үй қамтылды.

Қайсар Әмірин, Қызылжар аудандық әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің жетекшісі:

Екі микрорайонды қосып отырмыз. Жаңа қосылған үйлерде кішкене кемшіліктер болып тұр. Үйдің ішіндегі жүйелерден ақаулар. Специалистер соны істеп жатыр. Жылу жүйесінің қосылуы дұрыс па екенін, соны бүгін қазып, басқаша қосып көрейін деп жатыр.


Хабарламаларға жазылу