Басты Жаңалықтар Талдықорған қаласының маңын қоқыс басып барады

Талдықорған қаласының маңын қоқыс басып барады

Талдықорғанның айналасы күл-қоқыс алаңына айналып барады.

Әсіресе Қаратал өзенінің жағалауында тұрмыстық қалдықтардан аяқ алып жүру мүмкін емес. Экологтар бей-берекет шашылып жатқан қоқыс алаңдарын жер серігі арқылы анықтап жергілікті атқарушы билікке нұсқаулар беріп жатқанымен жағдай оңалар емес.

Серік Сарбасов, Экология департаменті басшысының орынбасары: 
Талдықорған қаласының тұрғындары өздері төгеді. Көп жағдайда жабайы орындар. Түңгі уақытта төгеді. 

Сондай-ақ Алматы облысындағы заңсыз қиыршық тас өндіру де тоқтар емес. Тас өндірушілер өзен арналарын қазып, бағытын бұрып, экожүйені бұзуда. Сондай ақ, қуаңшылықтың зардабын көріп отырған шаруаларға зияны тиіп жатыр. Биыл 60-тан астам заңбұзу фактісі тіркеліп сотқа жолданған. Жыл сайын облыс бюджетінен Іле және Қаратал өзендерінің арналарын тазартуға қомақты қаржы бөлініп, мамандар суармалы алқаптарға тіршілік нәрін жеткізуге мәжбүр.

Қуаныш Қанатұлы

Бөлісу