Тұрғындар мүлік иелерінің бірлестігін құрып жатыр
Қазақстанда соңғы жарты жылда 14 мыңға жуық мүлік иелерінің бірлестігі құрылды. Бұл бағыттағы жұмыс қазір қарқынды жүріп жатыр. Өйткені, келесі жылдың ортасынан бастап елімізде пәтер иелері кооперативі болмайды. Көп қабатты үйдің тұрғындары өздері жинаған ақшаны енді өздері бақылайды. Мүлік иелерінің бірлестігі «бір үй – бір бірлестік – бір есепшот» қағидасымен жұмыс істейді. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына жауапты мамандардың айтуынша, пәтер иелері кооперативінің жұмысына қатысты сын өте көп. Сондықтан тұрғын үйді басқару тәсілі өзгертілмек. Яғни көп қабатты үйдің тұрғындары мүлік иелерінің бірлестігін немесе жәй серіктестік құру керек.
Марғұлан Әбдікәрімов, "ТҮКШ Жаңғырту" АҚ Департамент басшысының орынбасары:
Мынау КСК дейміз, пәтер иелері корпоративтері көбіне бір емес, бірнеше үйді басқарады. Алматыда 100-ге жуық үйді басқаратын пәтер иелері кооперативтері бар. Бірақ, олардың жұмысында көп олқылық пайда болды. 02,56 Мысалы, бір үйдің тұрғындары ол үйде жасалып жатқан жұмыстарды білмейді. Ал оларға басқа үйдің есебін беріп жатады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ШҚО-да соңғы үш жылда 1 млн-ға жуық турист келген
18.12.2025, 20:54
Әлемнің ең мықты бадминтоншылары бақ сынап жатыр
18.12.2025, 20:50
Әлем жаңалықтарына шолу
18.12.2025, 20:15
Отандық арналар Түркияда хабар таратады
18.12.2025, 20:14
Қонаев қаласында дауыл салдарынан бүлінген нысандар қалпына келтірілді
18.12.2025, 20:14
Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 5,9 пайызға өсті
18.12.2025, 20:09
Түркістанда көпір қирап, қатынас үзілген соң оқушылар онлайн оқып жатыр
18.12.2025, 20:09
Автосақтандыру компаниялары төлейтін өтемақы мөлшері екі есе өседі
18.12.2025, 20:08