Тунисте жаңа үкімет құрамына 10 әйел кірді
Екі айдан астам үкіметсіз отырған Тунисте министрлер кабинеті құрылды. Ондағы 24 портфельдің 10-ы әйелдерге бұйырған. «Ассоушиэйтид пресс» агенттігінің хабарлауынша, мұны рекорд деп есептеуге болады. Тіпті премьер-министр лауазымына да Найла Боуден есімді азаматша тағайындалды. Ол ең алдымен коррупциямен күресуді мақсат етіп отыр. Айта кетсек, президент Каис Саед шілде айында конституцияның күшін жартылай тоқтатып, парламент пен үкіметті таратып, бар билікті өз қолына алды. Мемлекет басшысының сөзінше, коронавирус дағдарысына ұшыраған елге осындай шара уақытша қажет болды. Бұл шешім қоғамның бір бөлігін айтарлықтай ашындырып, соңғы апталарда елде мыңдаған адам шеруге шықты.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстанда құрылыс жұмыстарының көлемі 5 трлн теңгеден асты
19.08.2026, 13:36
ЖИ орталығында алғаш рет халықаралық форум
19.08.2026, 13:23
Қытай қайта қонатын зымыранды сынады
19.08.2026, 13:20
29 штат Meta компаниясын сотқа берді
19.08.2026, 13:17
27 мың талапкер тамыз ҰБТ-сын тапсырды
19.08.2026, 13:15
Қарағандыдағы 5 мыңнан аса үйге газ қосылады
19.08.2026, 13:12
Әлеуметтік маңызы бар 11 ауру белгісі болса, тегін қызмет көрсетіледі
19.08.2026, 13:09
ТМД байқаушылар миссиясы сайлауалды жұмысқа оң баға берді
19.08.2026, 13:06