Еуропада газ бағасының қымбаттауы аймақ елдері лидерлерін алаңдатып отыр
Еуропада газ бағасының қымбаттауы аймақ елдері лидерлерін алаңдатып отыр. Өйткені, бұл жағдай қыста отын дағдарысына ұласып, «Қарт құрлықты» энергияға бай Ресейге тәуелді етуі мүмкін. Биыл Еуропада көгілдір отын 600 пайызға жуық қымбаттаған. Ал, қоймаларда газ көлемі былтырғыдан аз. «Газпром» болса, алдағы қыс қарлы да қаһарлы болады деп, газдың көбін экспортқа емес, Ресейдің өз ішінде қалдыратынын мәлімдеді. Кейбір болжамдарға қарағанда, «Газпром» мұндай шешімді Ресей газын Германияға Украинаны айналып өтіп тасымалдайтын «Солтүстік ағын-2» құбырын Еуропаға мақұлдату үшін қабылдап отыр. Алайда, Мәскеу бұны жоққа шығарды. Айта кетсек, Еуропа өзіне қажетті газдың 90 пайызын шетелден импорттайды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстанда құрылыс жұмыстарының көлемі 5 трлн теңгеден асты
19.08.2026, 13:36
ЖИ орталығында алғаш рет халықаралық форум
19.08.2026, 13:23
Қытай қайта қонатын зымыранды сынады
19.08.2026, 13:20
29 штат Meta компаниясын сотқа берді
19.08.2026, 13:17
27 мың талапкер тамыз ҰБТ-сын тапсырды
19.08.2026, 13:15
Қарағандыдағы 5 мыңнан аса үйге газ қосылады
19.08.2026, 13:12
Әлеуметтік маңызы бар 11 ауру белгісі болса, тегін қызмет көрсетіледі
19.08.2026, 13:09
ТМД байқаушылар миссиясы сайлауалды жұмысқа оң баға берді
19.08.2026, 13:06