БАӘ Қазақстанға 6 млрд доллар инвестиция құяды
БАӘ Қазақстанға 6 млрд доллардан астам инвестиция құяды. Бұл – Үкімет басшысының әмірліктерге жұмыс сапарының нәтижесі. Асқар Мамин БАӘ Премьер-министрінің орынбасары, Президент істері жөніндегі министрі, сондай-ақ, ірі холдингтер мен жетекші компаниялардың басшыларымен кездесті. Тараптар әртүрлі саладағы ағымдағы жұмыстарды пысықтап, болашаққа бағдар жасады.
Келіссөздер соңында экономиканың басым салаларында бірлескен жобаларды дамыту бойынша ұзақ мерзімді стратегиялық әріптестік орнату жөніндегі үкіметаралық келісімге қол қойды. Енді, ұлттық экономиканың энергетикалық, агроөнеркәсіптік, көлік-логистикалық, фармацевтикалық және қаржы секторларында жаңа жұмыстар басталады. Айта өтейік, қазіргі уақытта әмірлік компаниялары Қазақстанда жалпы құны $3,5 млрд-тан асатын 11 ірі инвестициялық жобада жұмыс істеуде.
Ахмед Али Әл-Сайех, БАӘ мемлекеттік министрі, «Abu Dhabi Global Market» директорлар кеңесінің төрағасы:Қазақстан Премьер-министрінің осы жолғы жұмысы сапары сауда-экономикалық, қаржы-инвестициялық және басқа да салаларға арналып отыр. Екі ел үкіметтері мен бизнестері арасында жасалған келісімдер, болашақта БАӘ мен Қазақстанның қарым-қатынасын тереңдете түспек.
Сапары кезінде Асқар Мамин Дубай қаласында өтіп жатқан «EXPO 2020 Dubai» халықаралық көрмесіне барды. Онда Қазақстан, БАӘ, Ресей және өзге де елдердің ұлттық павильондармен танысты. Айта өтейік, Қазақстанның павильоны – үш қабатты конструкциядан тұратын ең үлкен нысандардың бірі. Жарты жылда нысанды екі миллионнан астам адам көреді деген жоспар бар. Ал, халықаралық көрме «Ақылды біріктіріп, болашақты бірге құрамыз» тақырыбымен өтіп жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: Қоржынға тағы 5 медаль түсті
28.09.2026, 17:38
Бір топ жүлдегер елге оралды
28.09.2026, 17:37
М.Сейітова атындағы дикторлар байқауының жеңімпаздары марапатталды
28.09.2026, 17:36
«Balapan» телеарнасына 16 жыл
28.09.2026, 17:35
Алматыда Мемлекеттік академиялық би театры 60-маусымын ашты
28.09.2026, 17:33
600-ден аса жас инженер робототехникадан жарысты
28.09.2026, 17:30
Елімізде жаңа спутниктік мобильді байланыс іске қосылады
28.09.2026, 17:27
Қазақстан мен Қытайдың экономикалық ынтымағы жаңа бағытқа көшті
28.09.2026, 17:25