Талғар ауданында инфекциялық бөлімше мен оңалту орталығы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талғар ауданында инфекциялық бөлімше мен оңалту орталығы ашылды

11.10.2021

Алматы облысы коронавирустың таралуы бойынша "сары аймақта". Өңірде ауру өсімі төмендегенімен, кез келген жағдайға дайынбыз дейді мамандар. Мәселен, Талғар ауданында 100 адамға арналған жаңа COVID орталық ашылды. Үш қабатты ғимарат соңғы үлгідегі құрылғылармен жабдықталған. 150 адам жұмыс істейді. Ал бұған дейін аудандық аурухананың инфекциялық бөлімі орталықтан 70 шақырым қашықта орналасқандықтан, науқастарды дер кезінде емдеу қиын болған. Аймақта инфекциялық орталықпен бірге күніне 100 науқасты қабылдауға қауқарлы оңалту орталығы да іске қосылды. Мекемеде оңалту қызметіне мұқтаж 30 мыңдай адамнан бөлек, коронавирусқа шалдыққан науқастар да қосымша ем алады. Естеріңізге салайық, Талғар ауданының орталық ауруханасы өткен жылы сенімгерлік басқаруға өткен. Ал оған жауапты компания бұдан былай медициналық қызмет сапасын арттырып, тұрғындарға жағдай жасаймыз деп уәде берген еді. 

Хабарламаларға жазылу