Таразда 45 отбасы баспаналы болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда 45 отбасы баспаналы болды

11.10.2021

Таразда 45 отбасы қоныс тойын тойлады. Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай көпқабатты тұрғын үйдің кілттері табысталды. Пәтерлер «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша берілді. Сонымен қатар, мерекеге орай шаһарда балалардың ойын алаңқайлары мен спорт алаңшалары ашылды.

Облыс орталығында бұған дейін мұндай заманауи ойын алаңдары болмаған. Бүлдіршіндердің қауіпсіздігі мен бос уақытын тиімді өткізу үшін салынған алаңқайлар барлық балаларға тегін. Қаладағы жеткіншектерге қуаныш сыйлаған нысандар жеке кәсіпкерлердің есебінен салынды. Биыл демеушілер 100 миллион теңгеден астам қаражатқа осындай балалар алаңқайларын салып берді. Бұдан бөлек, Таразда 45 отбасы баспаналы болды. Жаңа пәтердің кілтіне ие болғандардың қатарында жетім балалар, мүмкіндігі шектеулі жандар мен толық емес және аз қамтылған отбасылар бар. Жыл соңына дейін тағы осындай 18 көп қабатты тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр. 

Мақтагүл Тоғызақова, қала тұрғыны: 

10 жылдан аса уақыт болды кезекте тұрғанымызға. Бүгін кілтін тапсырды. Қуанып тұрмыз. Қуанышымыз артып тұр. Пәтеріміз жақсы. Іші балаға толсын. Барлығына нұр жаусын.



Хабарламаларға жазылу