Түркияда азық-түлік бағасы 30 пайызға қымбаттады
Түркияда баға өсіп, тұрғындардың қалтасына ауыр тиді. Елдің Статистика бюросының мәліметінше, былтырмен салыстырғанда азық-түлік құны 30 пайызға қымбаттаған. Тұрғындардың көбі инфляциядан келген қиындықтарға төтеп беру үшін күнделікті шығындарын азайтуға мәжбүр. Айта кетері - Түркия экономикасына коронавирус пандемиясы кері әсер етті. Бұған қоса, импортқа тәуелді елдің жағдайын ел валютасының девальвациясы қиындатып отыр. Түрік үкіметі азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін алыпсатарлыққа қарсы күресті күшейте бастады. Шара аясында бағаны күрт қымбаттатты деп айыпталған 5 ірі супермаркет желісі тергеуге алынған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстанда құрылыс жұмыстарының көлемі 5 трлн теңгеден асты
19.08.2026, 13:36
ЖИ орталығында алғаш рет халықаралық форум
19.08.2026, 13:23
Қытай қайта қонатын зымыранды сынады
19.08.2026, 13:20
29 штат Meta компаниясын сотқа берді
19.08.2026, 13:17
27 мың талапкер тамыз ҰБТ-сын тапсырды
19.08.2026, 13:15
Қарағандыдағы 5 мыңнан аса үйге газ қосылады
19.08.2026, 13:12
Әлеуметтік маңызы бар 11 ауру белгісі болса, тегін қызмет көрсетіледі
19.08.2026, 13:09
ТМД байқаушылар миссиясы сайлауалды жұмысқа оң баға берді
19.08.2026, 13:06