Жамбыл облысындағы әскери қоймада тағы жарылыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысындағы әскери қоймада тағы жарылыс болды

11.10.2021

Жамбыл облысындағы әскери қоймада тағы жарылыс болды. Кеше таңғы сағат 7-ден 20 минут кеткенде 28349 әскери бөліміне қарасты инженерлік оқ-дәрілер қоймасының аумағында бұрын зақымданған жарылғыш заттар өртенді. Жарылыс жұмыстан тыс уақытта болды. Апат кезінде оқ-дәрілер жан-жаққа ұшпаған. Министрліктің мәлімдеуінше жарылыс аймағында адам болмаған. Зардап шеккендер жоқ. Айналадағы ғимараттардың ешбіріне зақым келмеген. Алдағы уақытта осындай жағдайлар болуы мүмкін. Себебі, қойма аумағында қауіпті оқ-дәрілерді бақылап, жарылыс жұмыстары жүргізіледі. Естеріңізге сала кетейік 26-шы тамызда болған жойқын жарылыс кезінде 17 азамат қаза тауып, жүзге жуық адам жарақаттанған еді. Ізім –ғайым жоғалған әскери қызметкер әлі табылған жоқ.

Талғат Мамаев, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары:

Жарылған заттардың қазір не себепті қалай болып жатқанын зерделеу жұмыстары жүріп жатыр. Әскери арнайы бөлімдер жұмыс жүргізіп жатыр. Әскери бөлімдердің басшылары да ресми ақпарат берді. 

Хабарламаларға жазылу