Басты Жаңалықтар Қиындықта күш біріктірген маңызды - дінбасылар

Қиындықта күш біріктірген маңызды - дінбасылар

Дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі-Қазақстан жасаған жақсы вакцина сияқты. Қазақстанның бас раввині Ешая Элазар Коген осылай деді. Оның сөзінше, әлемдегі ахуал күрделі, пандемиямен қатар геосаяси ахуал да ушығып барады. Бір қуанарлығы зұлымдықпен күресуге әрқашан мүмкіндік бар. Ол үшін тек күш біріктіру керек,- деді ол.
Ешая Элазар Коген, Қазақстанның бас раввині:
Егер біз дін лидерлерінің съезі туралы айтатын болсақ, бұл Қазақстан жасаған жақсы вакцина сияқты. Әркім өзі қалағандай ойласын. Бірақ бізде ортақ нәрсе бар екенін ешқашан ұмытпауымыз керек. Біз бір -бірімізді уайымдап, бір -бірімізге қолдау көрсетсек, бұл бәріне жақсы болады. Бұл туралы қазақ халқы туылғаннан біледі.
 Ян Ки Хун, «Чогие» кәріс буддистік ұйымының орталық Азиядағы өкілдігінің және жаынса ғибадатханасының директоры:
 Осы конференция арқылы менің жан сарайым ашылуда. Менің әртүрлі ұлт өкілінен достарым бар. Бір бір-бірімізге қрын қарамаймыз. Бір-бірімізді түсініп, бірге күш біріктіруге әзірміз. Және осы үшін жаны ашық, жүздері жарқын халықтың мекені Қазақстанда өтіп жатқанына қуаныштымын.
 Юрий Новгородов, Дүниежүзілік лютеран федерациясының өкілі, Қазақстандағы інжіл-лютеран шіркеуінің архиепископы:
Мені қоғамның қарқынды цифрландыруы алаңдатады. Барлық адамның қадамы бақылауда. Виртуалды әлем пайда болды. Мен шынайы өмірдің адамымын. Әрине мен жаңа технологиялардың прогресіне қарсы емеспін. Бірақ, оған көзсіз еріп кетуге тағы болмайды. Оның да кері тұстары бар. Съезде осы мәселені айттым.

Бөлісу