Қытайдың солтүстігінде су тасып, лай көшті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайдың солтүстігінде су тасып, лай көшті

08.10.2021

Қытайдың солтүстігі мен солтүстік-батыс аймақтарында төпелеп жауған жаңбыр соңы алапат тасқын мен лай көшкініне ұласты. Шаньси, Ганьсу, Шэньси провинцияларының айтарлықтай бөлігіне түскен жауын мөлшері 200 миллиметрге жеткен. Осыған байланысты Сары өзен жағалауынан 17 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді. Дегенмен, құрбандар туралы мәлімет жеткен жоқ.

Ал, АҚШ-тың Алабама штатында осындай апаттан 4 адам қаза тапты. Опат болғандардың ішінде 4-жасар бала бар.

Мұнда да жаңбыр құйып, бірнеше аудан суға кетіп, жолдар топанның астында қалып, дереу құтқару операциясын бастауға тура келді. Соңғы мәліметке қарағанда, тасқын ортасында қалған үйлерден 80 адам эвакуацияланды.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу