Қытайда жауыннан кейін тасқын басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда жауыннан кейін тасқын басталды

03.07.2023

Қытайдың шығысы мен оңтүстік-батысында төпелеп жауған жаңбырдан лай көшіп, су тасып жатыр. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, Аньхой және Чунцинь провинцияларында тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілген. Дегенмен, қаза тапқан немесе зардап шеккен адамдар туралы мәлімет түскен жоқ.

Кейбір елді мекендерде көлік қатынасы тежеліп, электр жүйесі істен шыққан. «Си-си-ти-ви» телеарнасының хабарлауынша, қазір топан су жайлаған аудандарда құтқару және жәрдемдесу операциялары жалғасып жатыр.


Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу