Қытай мен Йемен жерінде алапат су тасқыны болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытай мен Йемен жерінде алапат су тасқыны болды

12.08.2022

Қытайдың солтүстігінде алапат тасқын. Соңғы мәліметке қарағанда, Шэньси провинциясында көшелер өзенге айналып, машиналарды су шайып әкеткен. Бес құрылысшы жоғалып кетті.

Мұнда тамыздың 10-да басталған дауыл кеше нөсер жауынға ұласты. Жергілікті тұрғындар биылдыққа мұндай қатты жаңбырды көрмегендерін айтады.

Ал Йемен астанасы САнада тасқыннан 19 адам қаза тауып, 20-дан астамы жараланды. Бұл апатқа да төпелеп жауған жаңбыр себепші. Мұнда топан су мен лай көшкінінен үйлер, жолдар мен көпірлер бұзылған.

Соғыс жүріп жатқан мемлекетте жауындар маусымы шілденің ортасында басталды. Содан бері мерт болғандар мен зардап шеккендер саны 90-ға жақындап қалған.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу