Жалдамалы пәтерлер тағы қымбаттады
Елімізде пәтерді жалдау ақысы әлі де қымбаттап жатыр. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше қыркүйекте баға үш пайыздай өскен. Ал жыл басынан бері 14 пайызға көтеріліп отыр. Үй жалдау құны әсіресе Алматы, Нұр-Сұлтан секілді ірі қалаларда аспандап тұр. Мұнда жалдамалы бір бөлмелі пәтердің ең қымбат бағасы 350 мың теңге. Орташа құны 160 мың. Бұған дейін сарапшылар бағаның өсуіне студенттердің дәстүрлі оқу форматына оралуы себеп деген еді. Ұл-қыздардың қалаға жаппай ағылуы сұранысты арттырып, бағаны көтерген. Айтуларынша пәтерді жалдау ақысы жақында арзандамайды.
Досжан Маратұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Әділет» партиясы кандидаттардың тізімін бекітті
10.07.2026, 20:08
Халықтық Конституция - азаматтардың ақысыз медициналық көмек алуының кепілі
10.07.2026, 20:07
Адам құқықтары жөніндегі комиссияның жұмысы күшейеді
10.07.2026, 20:06
Alatau City: 51 мың жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр
10.07.2026, 20:05
Еуропалық Одақ Қазақстандағы реформаларды қолдайды
10.07.2026, 20:04
Президент Ауыл шаруашылығы министрін қабылдады
10.07.2026, 20:04
Мемлекет басшысы АҚШ президентімен телефон арқылы сөйлесті
10.07.2026, 20:03
Сайлау және азаматтық жауапкершілік: Қоғам дамуының негізгі факторы
10.07.2026, 20:02