Қашаған кен орны жөндеуге жабылмақ
Қашаған кен орнында мұнай өндірісі тоқтатылмақ. Өйткені кәсіпорынға күрделі жөндеу қажет. Ол келер жылға жоспарланып отыр.
Қара алтын өндіріп жатқан консорциумның хабарлауынша судағы және жердегі қондырғылар тозған. Кейбірін ауыстырып, біразын жөндемек. Өндіріс бір айға тоқтайтындықтан қажетті қор жиналатынын да жеткізді. Ал мұнай бүгін арзандай бастады. Кеше ғана баррелі 82 долларға жеткен қара алтын қазір 80 доллардан сатылып жатыр. Бұған АҚШ-та мұнай қорының ұлғаюы себеп. Бүгін ұлттық валютамыз да долларға шаққанда екі теңгедей арзандады. Қазір бір доллар 425 теңге.
Досжан Маратұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ағза алмастыру кезегінде 6867 адам тұр
28.09.2026, 20:31
Орталық азиядағы алғашқы Fia дрифт додасы мәресіне жетті
28.09.2026, 20:10
Бурабайда «Өр Алтай – түркілердің атамекені» халықаралық конференциясы өтті
28.09.2026, 20:09
Шетелдік валютада депозиті бар азаматтардың табысы артуы мүмкін
28.09.2026, 20:08
«Кітап оқитын ұлт»: 10 үздік оқырманға 10 млн теңгеден беріледі
28.09.2026, 20:07
Газ саласының үздіктері анықталды
28.09.2026, 20:06
Мемлекет басшысы Германияға ресми сапармен барды
28.09.2026, 20:05
Президент Елена Рыбакинаны III дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады
28.09.2026, 20:05