ҚР Президенті ХIV KazEnergy Еуразиялық форумына қатысушыларға бейнеүндеу жасады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік энергетика апталығы мен ХIV KazEnergy Еуразиялық форумы аясында «Әлемдік энергетикалық трилемма 2021 – компоненттер теңгерімі: энергетикалық аймақтар бойынша өзгерістер навигациясы» атты жаһандық пленарлық мәжілісте бейнеүндеу жасады. Ол өз сөзінде Орталық Азия аймағында тұңғыш рет өтіп отырған апталықтың ұйымдастырылуын қолдады. Қазақстан -климаттың өзгеруіне қарсы күрес пен Париж келісімі бойынша жаһандық күш-жігерді толық қолдайтынын атап өтті. Жаңа технологиялар қазба отын түрлерінен жаңартылатын қуат көздеріне, сутегі мен ядролық энергияға көшуді талап етеді. Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің энергия өндіру мен оны үнемді пайдалану, цифрландыру және тұрақты экономикалық өсім бағыттарын ілгерілетуге ықпал ететін ұлттық жобаларды әзірлеп жатқанын атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Президенті:Мен Үкіметке 2030 жылға қарай электр энергиясын өндіруде жаңартылатын және баламалы энергия көздерінің үлесін 15 пайызға жеткізуді тапсырдым. Қазіргі таңда 2000 МВт-қа жуық жаңартылатын қуат көздері пайдалануға берілді. Қазақстанның көздеген мақсатқа жету жолындағы бағыты дұрыс. Алайда, көміртегі бейтараптығына қол жеткізу үшін тек жаңартылатын энергияға иек арту жеткіліксіз.
Ғабит Бөкенбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: қоржындағы медаль саны - 12
22.09.2026, 20:30
Қоқыс өңдеуге 200 млрд теңге бөлінеді
22.09.2026, 20:20
Скринингтен өту қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі
22.09.2026, 20:19
Кәсіпкерлерге арналған реестр құрылды
22.09.2026, 20:18
Қайтарылған активтер есебінен екі мектеп бой көтерді
22.09.2026, 20:17
2-4 сынып оқушыларының 4 пәннен білімі тексеріледі
22.09.2026, 20:16
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы ашылады
22.09.2026, 20:13
PISA-2025: Сандар сөйлейді, нәтиже не дейді?
22.09.2026, 20:12