Маңғыстауда жаңбыр жаудыратын қондырғылар іске қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстауда жаңбыр жаудыратын қондырғылар іске қосылды

07.10.2021

Қуаңшылықтан зардап шегіп отырған Маңғыстау өңірінде жаңбыр жаудыратын қондырғылар іске қосылды. Олар Құрық, Жетібай, Шетпе және Сайын ауылдарына орнатылды. Қондырғы атмосфералық ылғалдан жауын-шашын тудырады. Мамандар құрылғының көмегімен жаңбырдың көлемін 30 пайызға дейін арттыруды көздейді. Бұл әдіс Біріккен Араб Әмірліктері, Жаңа Зеландия, Корея және Ресейде қолданылады.   

Ақмарал Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу