Әлеуметтік нысандар іске қосылды
Батыс Қазақстан облысында да оң үрдістер мол. Халықтың әл-ауқатын арттыру мақсатында Орал қаласында ауысымына 250 адамды қабылдайтын емхана мен 600 орындық мектеп ашылды.
Емханаға ауылдықтардың таңданысы ерекше. Себебі бұл соңғы үлгідегі жаңа аурухана. Ал қалада ашылған білім ошағы оқу жүктемесін біршама азайтуға септігін тигізді.
Жаңа емхана 40 мыңдай халқы бар Зашаған кентінде ашылды. Бұған дейін жұмыс істеген екі амбулатория тұрғындардың барлығын қамти алмады. Сондықтан көпшілік Орал қаласының орталығындағы 3-ші емханаға баруға мәжбүр болатын.
Мүслім Сахипов, қала тұрғыны:
Басымыз ауырып, балтырымыз сыздағанда қалаға жүгіретін едік. Енді қазір өзіміз үйіміздің қасында мынандай емхана салғанына мың шүкіршілік етеміз.
Әлеуметтік нысанның құрылысына республикалық бюджеттен 1 миллиард теңге жұмсалған. Қажетті медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуде. Емханада отбасылық денсаулық орталығы, профилактикалық және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімдері қызмет ететін болады.
Мәншүк Аймұрзиева, Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:
20 шақты учаскелік дәрігер жұмыс істейді. Олар тәжірибелік дәрігерлер. Сонымен қатар, консультативтік-диагностикалық көмек көрсететін 20 шақты маман болады.
«Жаңа орда» ықшам ауданында ашылған жаңа мектеп, халық қалың қонып, тығыз орналасқан Оралдың солтүстік-шығысындағы орта білім беретін оқу ошақтарының жүктемесін азайтып отыр. Мектепте балаларды сапалы біліммен қамту үшін бар жағдай жасалған.
Нұрлан Ноғаев, Батыс Қазақстан облысының әкімі:
Мұның барлығы Елбасымыздың білім саласына, әлеуметтік салаға аударып отырған көңілі. Және жергілікті атқарушы органдарға, Үкіметке берген тапсырмасының орындауының дәлелі. Бұл іс әрі қарай жалғасын табады.
Рауан ДИӘЛИ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Дауыл салдары: Көлік шығынын кім өтейді?
17.06.2026, 20:18
Орманды өрттен сақтау– ортақ міндет
17.06.2026, 20:16
«Балаларды қауіптен сақтаңыз!» акциясы басталды
17.06.2026, 20:16
Елімізде судағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді
17.06.2026, 20:14
АҚШ пен Иран атысты тоқтату туралы келісімге ресми түрде қол қояды
17.06.2026, 20:13
Әлем жаңалықтарына шолу
17.06.2026, 20:12
Мемлекеттік грантты өтемегендерге қатысты 247 іс сотта қаралып жатыр
17.06.2026, 20:12
Өңірде ауыл шаруашылығы өнімін өңдейтін бірнеше өндіріс орны бар
17.06.2026, 20:10