Маңғыстауда қуаттылығы 2 мвт-тық Күн электр станциясы іске қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстауда қуаттылығы 2 мвт-тық Күн электр станциясы іске қосылды

11.05.2018

Жобаға 1 млрд. 200 млн. теңге жұмсалған. Құрылысы өткен жылы басталған станцияда 10 жергілікті маман қызмет етеді. Күн cәулесінен баламалы энергия алатын станция бұдан былай өңірдегі елді мекендерді қуат көзімен қамтамасыз етпек.

Нысанға қажетті жабдықтар мен қондырғылардың 80 пайызы - отандық өнім.  Мамандардың айтуынша, бұл жоба «ЭКСПО- 2017» көрмесінің жемісі. Жыл соңында Шетпе кентінде де дәл осындай  5 мвт-тық электр станция іске қосылады. Осылайша, бірнеше елді мекен мен ауыл электр қуатымен қамтамасыз етіледі. 

Алтынбек Әділов, компанияның бас директоры:

- Біздің экономика тек қана мұнай өңдеумен шектелмейді. Осындай жоба арқылы экологиямызды қорғай аламыз. Мұндай жобалар бұрын Еуропада ғана болатын еді, енді бізде де жүзеге асып жатыр. 

Айсара АЙТМАН

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу