Ресейде коронавирустың өршуіне байланысты сақтық шаралары күшейтіліп, тәртіп қатаңдатылады. Өйткені күн сайын індеттен қайтыс болғандардың саны бойынша рекорд жаңаруда.
Анатолий Альтштейн, Гамалея атындағы ғылыми зерттеу орталығының бас ғылыми қызметкері:
Төртінші толқын алдыңғыларына қарағанда қауіпті,жаңа штаммдар көбейіп барады. Әзірге ел билігі локдаун жариялау туралы шешімге келген жоқ, алайда аурудың таралуы бәсеңдемесе, жариялануы да мүмкін. Бір олқылығымыз -азаматтардың әлі де интернет беттеріндегі фейк ақпараттарға назараударып, екпеден бас тартуы болып тұр. Ал заң бойынша біз ешкімді күштей алмаймыз.
Ең көп вирус жұқтырғандар - мәскеуліктер. Қалада ауқымды диагностика жүйесі ашылуда. Мұнда жаппай тегін ПТР-тестілеу енгізіледі. Қала басшысы жуырда мектептерде, университеттер мен сауда орындарында жедел тест тапсыру орталықтарының ашылатынын мәлімдеді. Тестілеу нәтижесі 10 минутта дайын болады. Бүгінгі күні 49 миллионнан астам ресейлік вакцинаның бір дозасын алды.
Индира Бегайдар