Қаржы пирамидасының белгілері бар компаниялар тізімі жарияланды
Қаржы пирамидасының белгілері бар компаниялардың тізімі жарияланды. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметіне сәйкес, оған 121 компания кірген: 56-сы қаржылық пирамида белгілері бар ұйым, 65-сі заңсыз инвестициялық делдал. Агенттік халыққа аты аталып, түсі түстелген фирмалардан сақ болуға шақырады. Тізім тұрақты түрде жаңартылып отырмақ. Айта өтейік, күмәнді фирмалардың заңсыз әрекеттерін мамандар интернеттегі ақпараттық кеңістік пен әлеуметтік желілерді бақылап, азаматтардан келіп түскен арыз-шағымдарды зерделей келе әшкере еткен. Жыл басынан бері алаяқтардың арбауына түскен 125 адамнан өтініш түсіпті.
Армангүл Тоқтамұрат
Автор
Армангүл Тоқтамұрат
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15