Атырау облысында шөп өртеніп, үш бала жанып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысында шөп өртеніп, үш бала жанып кетті

06.10.2021

Атырау облысындағы Ортақшыл ауылында қора өртеніп, 3 бала қаза тапты. Жан түршігерлік оқиға өңірге қарасты Махамбет ауданында кеше болды. Кешкі 7 жарым кезінде өрт сөндірушілерге жеке тұрғын үй ауласындағы қора-жайда шөптің жанып жатқаны туралы хабар түскен. 4 сағаттың ішінде қызыл жалын өшірілді. Бірақ, көп кешікпей түнгі сағат 12-де кәмелет жасына толмаған 3 баланың ойнауға шығып кетіп, үйге қайта оралмағаны туралы хабарланған. Өкінішке орай, өртеніп күл болған 22 дана шөптің арасынан 7 жасар екі бала мен 2012 жылғы бір баланың денесі табылды. Үшеуі - үш үйдің баласы. Қазір қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Өрттің шығу себебі әзірге белгісіз.
Жасұлан Ақтаев, ТЖД бастығының орынбасары: 
Шөптің арасында жанып кеткен ғой денелері.Сол кезде хабарлама түскен үш баланың жоғалып кеткені туралы. Кейін, іздестіру жұмыстары атқарылып жатқан кезде жанып кеткен күлдердің арасында табылған денелері. Өрттің себебі туралы сараптама тағайындалды.

Жандос Темірғали

Хабарламаларға жазылу