Ақбөкендерді қорғау шаралары күшейтілмек
Күннің суытуына орай браконьерлік фактілер де жиілей түсетіні белгілі. Эколог мамандар заңсыз түрде аң атумен айналысатындардың жолын кесу үшін кең ауқымды шаралар өткізуді жоспарлаған. Ол үшін арнайы шаралар да бекітілді дейді мамандар. Мәселен, ақбөкендердің санын тұрақты негізде қадағалау мақсатында ұшқышсыз басқарылатын аппараттарды пайдалану көзделіп отыр. Автокөлікті мәжбүрлі тоқтататын қондырғылар енгізу де қарастырылған. Биылғы жүргізілген рейдтік шаралар оң нәтиже берді. Жануарлардың популяциясын 900 мыңға көбейтуге ықпал етті. Енді түз тағыларын сақтап қалуға құқық қорғау органдары мен ұлттық қауіпсіздік комитеті де атсалысады. Жануарлар дүниесін қорғау мақсатында мемлекеттік резерваттар құрылмақ.
Данияр Тұрғанбаев, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі комитет төрағасының орынбасары:Қазіргі уақытта Оралда киіктердің популяциясын сақтау мақсатында Батыс Қазақстан облысында 343,040 аймағы мен Бөкей Орда мемлекеттік табиғи резерватын құру мәселесі пысықталуда. Сондай-ақ Батыс Қазақстан облысының Жәнібек және Қазталов аудандарының аумағында жалпы ауданы 314,504 га құрайтын республикалық маңызы бар Ашөзек мемлекеттік табиғи қаумалын құру жобасы әзірленіп жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елімізде Мұғалжар жылқысы көбейіп келеді
25.08.2026, 20:32
Жаңа жүйе оқушылар арасындағы келеңсіздікті анықтайды
25.08.2026, 20:18
1 қыркүйекте паспорт рәсімдеу тәртібі өзгереді
25.08.2026, 20:17
Шымкентте жаңа өндірістің арқасында 13 мың жұмыс орны ашылады
25.08.2026, 20:16
Әлем жаңалықтарына шолу
25.08.2026, 20:15
Ресейде жанармай дағдарысының екінші толқыны басталды
25.08.2026, 20:14
Бүгіннен бастап электрлі самокат жүргізушілерге талап күшейді
25.08.2026, 20:12
Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы 28 трлн теңгеден асты
25.08.2026, 20:09