Қызылордада 157 сынып карантинге жабылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада 157 сынып карантинге жабылды

06.10.2021

Қызылорда облысы коронавирустың таралу көрсеткіші бойынша «жасыл аймақта» тұр. Алайда, білім беру мекемелерінде індет жұқтыру дерегі азаяр емес. Оқу жылы басталғалы бергі бір ай ішінде 200-ге жуық оқушыдан ковид анықталған. Мамандардың айтуынша, жасөспірімдер арасында ауру белгілері көбіне симптомсыз өтіп жатыр. Бүгінде облыс мектептерінде індет ошағы анықталған 157 сынып 14 күнге карантинге жабылды. Ал оқушылар онлайн форматта білім алып жатыр. Сондай-ақ, 23 мұғалімнің коронавируске шалдығу дерегі тіркелді. Бүгінде вирус анықталған білім беру ұйымдарында залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал эпидемиологтар санитарлық талаптарды шұғыл күшейту керектігін айтып отыр.

Әділбек Жаханов


Хабарламаларға жазылу