Көкшетауда жер үйдің төбесі опырылып, бір адам көз жұмды
Көкшетауда жер үйдің төбесі опырылып кетіп, бір адам көз жұмды. Оқыс оқиға түнгі сағат он екілер шамасында Баубек Бұлқышев көшесіндегі екі пәтерлі үйде болған. Баспананың бір бөлмесінің шатыры опырылған сәтте 63 жастағы әйел үйінді астында қалып қойған. Құтқарушылар жеткенше зейнеткер қайтыс болды. Көз жұмған әйелдің ұлымен және екі немересімен тұрғаны белгілі болды. Апат болған кезде үйде 13 және 14 жасар қос жеткіншек болған. Көмек шақыртқан да солар. Үй иесінің айтуынша, баспана осыдан 70 жылдай бұрын салынған. Бұған дейін үйдің апатты деп танылмағаны белгілі болды.
Александр Метров, қала тұрғыны:
Мен іс-сапарда болдым. Түнгі үште жеттім. Балалар шошып кеткен. Олар не істей алады?! Егер бірден көмек көрсетіп, алып шыққанда, аман қалар ма еді? Төбедегі бөренелер шіріп кеткен ғой. Мына жерде барлығы ескі үйлер. Баспаналарды бұзып, мына жерге жаңа көпқабатты үй саламыз дегендер болды. Алайда, нақты қадамдар, ұсыныстар болған жоқ.
Ермек Елберген
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Атырау облысында 500 орындық стадионның құрылысы аяқталмай тұр
06.05.2026, 10:34
Кәсіби бағдарлау: «Jas Skills» облыстық чемпионаты өтіп жатыр
06.05.2026, 10:28
«Батырларға тағзым»: 705 мыңнан астам майдангер туралы дерек жинақталды
06.05.2026, 10:22
Мүгедектікке қатысты 100-ден астам жалған құжат жасалғаны анықталды
06.05.2026, 10:21
Өскемендегі жарылыс: Астанадан дәрігерлер жіберіледі
06.05.2026, 10:19
Трамп Ормұз бұғазынан кемелерді өткізуді уақытша тоқтатты
06.05.2026, 10:17
Әлем нарығында мұнай бағасы 2 күннен бері төмендеп барады
06.05.2026, 10:16
Инвесторлардың құқығын қорғау тетіктері күшейтіледі
06.05.2026, 10:15