Қарағанды облысындағы Қоңырат кенті жылуға қосылды
Қарағанды облысында 3 мыңнан астам тұрғыны бар Қоңырат кенті тұңғыш рет орталықтандырылған жылыту жүйесіне қосылды. Бұған дейін пеш жағып келген жұрт, енді ол бейнеттен құтылды. Балқаш қаласындағы жылу энергия орталығынан 17 шақырым құбыр тартылған. Қазір жұмыстар аяқталуға жақын.
Тоғжан Айнабекова, Қоңырат ауданының тұрғыны:30 жылдан бері мына пешті жағып келгенбіз. Енді қазіргі мынау орталықтандырылған жылу жүйесін тартып жатыр дегенге өзіміз қуанып жатырмыз. Енді көп жеңілдік болатын болды. Ағаш жармаймыз, көмір тасымаймыз, күл шығармаймыз. Біз екеуміз де жұмыс істейтін болған соң қыстың күні, әсіресе суықтан тоңып келгенде пеш жаққанға қиналатын едік.
Қоңырат бұған дейін өз алдына жеке елді-мекен болған. Жуырда Балқашқа беріліп, мысты шаһардың бір ауданына айналды. Тиісінше, бюджеттен қаражат бөлініп, мұндағы инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары қолға алынды. Мәселен, жылу магистралін тарту үшін республикалық бюджеттен 3 миллиард теңге қаржы бөлінген.
Ескендір Қабидолла, Балқаш қаласы ТКШ, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы:Магистарльды құбырлар арнайы материалмен қапталған. Арқаның аязды күндері жылуды сақтайды. Қысым жа жоғары болады, ол үшін екі жерден сорғы станциясы орнатылды. Енді қыста жылу бұрыңғыға қарағанда әлдеқайда жақсы болады деп күтіп отырмыз.
Руслан Нұрланұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі
10.02.2026, 21:54
Deutshe bank: Алтынның бір унциясы 6 мың долларға жетуі мүмкін
10.02.2026, 21:21
Түркістанда көпірді су шайып кетті
10.02.2026, 21:17
Жаңа Конституция – заман талабы
10.02.2026, 21:11
«Ауыл» партиясы жаңа Конституция жобасын талқылады
10.02.2026, 21:08
Жаңа Конституция жобасын референдумға шығару ұсынылды
10.02.2026, 21:06
Жаңа Конституция жобасына қосымша нормалар енгізілді
10.02.2026, 20:41
Тимур Сүлейменов: Халыққа несие беру азаяды
10.02.2026, 20:38