Сербияда коронавирус өршіп, ауруханалар науқастарға лық толды
Сербия ауруханалары коронавирусқа шалдыққан науқастарға лық толды. Елде инфекцияның төртінші толқыны жүріп жатыр. Осы орайда ауруханаларға, дәрігерлерге ауыр салмақ түсіп отыр. Ақ халаттылар ковидтің тарауы тоқтамаса, апатты жағдайға жетуден қауіптенеді. Індеттің өршуіне сербиялықтар арасында вакцина салу қарқынының баяулауы себепші. Тұрғындардың жартысынан көбі коронавирусқа қарсы егілуден бас тартып отыр. Айта кетері - Сербия азаматтарына "Файзер", "АстраЗенека", "Синофарм" және "Спутник Ви" тәрізді төрт вакцина қолжетімді. Жақында республикаға "Модерна" екпесі да әкелінбек. Жалпы пандемия басталғалы 8,5 млн тұрғыны бар елде ковидті 966 мыңнан астам адам жұқтырып, онымен байланысты 8 жарым мыңға жуық өлім-жітім тіркелген.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстанда құрылыс жұмыстарының көлемі 5 трлн теңгеден асты
19.08.2026, 13:36
ЖИ орталығында алғаш рет халықаралық форум
19.08.2026, 13:23
Қытай қайта қонатын зымыранды сынады
19.08.2026, 13:20
29 штат Meta компаниясын сотқа берді
19.08.2026, 13:17
27 мың талапкер тамыз ҰБТ-сын тапсырды
19.08.2026, 13:15
Қарағандыдағы 5 мыңнан аса үйге газ қосылады
19.08.2026, 13:12
Әлеуметтік маңызы бар 11 ауру белгісі болса, тегін қызмет көрсетіледі
19.08.2026, 13:09
ТМД байқаушылар миссиясы сайлауалды жұмысқа оң баға берді
19.08.2026, 13:06